
Көптеген сыншылар суретшінің шығармашылық биігі 1980-жылдармен тұспа-тұс келеді деп санайды. Бұл кезенде суретші кескіндемелік тілін өзгертіп, бүгінге дейін кеңінен танымал болған «Бозторғайдың әні»(1982), «Ақбұлақ» (1986), «Карға бақташы» (1987) сияқты туындыларын жасады, 1989 жылы А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткен «Әбдірашит Сыдыхановтың таңбалы кескіндемесі» атты көрме суретшінің шығармашылығындағы жаңа — ассоциативті кезеңнің бастауын көрсетті. Суретші қазақ руларының таңбаларын (танба), түркі халықтарының бейнелі элементтері мен символдарын пайдалана отырып, кенеп бетінде ассоциациялар ойынын құратын ерекше көркем кеңістік жасады. Көптеген еңбектері шығыстық хикаяттар мен аңыздарға негізделді.
1990 жылдардың ортасынан бастап суретшіні ақ тустің бейнелеу мүмкіндіктері қызықтыра бастады. Осы уақытта оның әйгілі «ақ сериясы» дүниеге келді: «Бос қайық», «Ұя», «Жалғыздық», «Қыз төбе».
Сыдыхановтың еңбектері А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Алматы), Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде (Өскемен), Атырау облыстық сәндік-қолданбалы өнер музейнде (Атырау), Қарағанды, Петропавл және Павлодар облыстық көркемсурет музейлерінде, Мәскеудегі Третьяков галереясында, Шығыс халықтары музейінде, Польшаның Катовице қаласындағы Хута музейінде және АҚШ-тагы Циммерли музейінде, сондай-ақ Қазақстан, Лихтенштейн, Израиль, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Түркия, Грекия жэне БАӘ галереялары мен жеке коллекцияларында сақтаулы.
.png&w=3840&q=75)
1990
5,000,000 ₸
-1.png&w=3840&q=75)
1990
7,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1990
3,000,000 ₸
-1.png&w=3840&q=75)
1995
10,000,000 ₸
-1.png&w=3840&q=75)
1991
10,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1994
3,000,000 ₸

1993
10,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
2002
5,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1990
10,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1996
3,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1991
10,000,000 ₸
.png&w=3840&q=75)
1990
5,000,000 ₸
Барлық жұмыстар: 12