.png&w=3840&q=75)
by Әбдірашит Сыдыханов
Біз FORTE KULANSHI ART SPACE галереясының 2025 жылғы көрме маусымын қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті классигі Абдрашит Сыдыханұлының (1937–2011) 50 кескіндемелік жұмысын біріктіретін маңызды жобамен аяқтаймыз. 1960 жылдардағы өз буынының суретшілері сияқты, ол ұлттық көркемөнер мектебінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, оның дамуын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Көрменің басты мақсаты — көрерменге суретшінің шығармашылық мұрасындағы ең бірегей әрі мәнді кезеңді, яғни оның соңғы шығармашылық дәуірін таныстыру. Бұл «таңбалық кескіндеме» кезеңі ерекше түстік палитрамен, бай текстуралармен және терең философиялық әрі эстетикалық мағыналармен ерекшеленеді.
Әбдірашит Сыдыханов 1937 жылы Гурьев облысының Кулагин ауылында дуниеге келген. 1965 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1965 жылдан бастап көрмелерге қатысады. 1967 жылдан — Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. 2000 жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері атанды. Әбдірашит Сыдыханов шығармашылық жолын 1960 жылдардың ортасында бастады. Оған «жас, талантты кескіндемеші» атағын әперген туындылары — «Темекі жинауда» (1972), «Қой тоғыту» (1971), «Алма теру» (1973) картиналары болды. Бұл еңбектер бірден А.Қастеев кинофильмдерге арналған 1000-нан астам эскиздер жасады. Солардын қатарында — «Құлагер», «Қаралы ару» фильмдері бар. «Шоқан Уәлиханов» көпсериялы фильмі 1986 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бұл жоба – суретшінің өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы шығармашылық кезеңіне арналған Астанадағы алғашқы ірі көрме. Көрме Сыдыханов шығармаларындағы сол дәуірдің символикасын ғана емес, сонымен бірге бейнелер арқылы жаңарып, қайта жанданған қазақтың көркем мәдениетін де айшықтайды. Өнер жаңа пішіндер мен мән іздеген заманда, Әбдірашит Сыдыхановтың еңбектері бізге тамыр жайған рухты және сөнбес жарықты еске салады – ол жарық тек бөліскенде ғана өшпейді.
.png&w=3840&q=75)
.png&w=3840&q=75)