Ата-баба таңбалары жан бітірген картиналар: Абдрашит Сыдыханұлы Қазақстан өнерін қалай өзгертті
Forte Kulanshi Art галереясында әйгілі кино суретшісі Абдрашит Сыдыханұлының, сонымен қатар жүзден астам живопис туындыларын жасаған шығармаларының көрмесі ашылды.

Forte қолдауымен жүзеге асқан «Куланши. Картиналарды оқып үйренеміз» айдары аясында біз суретшінің қызы Зауреш Сыдыхановамен сөйлесіп, әкесінің шығармашылығына ру таңбалары қалай енгенін сұрап білдік.
«Әкем өзінің шығармашылық жолын ХХ ғасырдың 60-жылдары бастады. Ол – сол кезеңдегі «алпысыншылар» қатарындағы суретшілердің бірі. Олардың ішінде Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев, Булат Тогузбаев және Макум Кисамединов бар.
1966 жылы олар Тарас Шевченко атындағы көркемөнер галереясында (ол кезде Қастеев музейі болмаған) “Қазақстанның жас суретшілері” атты үлкен көрме өткізді.
Сол көрмеде әкем алғаш рет қондырғылы (станокты) живопись шебері ретінде танылды, өйткені оған дейін ол көркемсурет училищесінен кейін бірден кино саласында жұмыс істей бастаған еді.»