by Никита Басов & Игорь Роговский
Forte Kulanshi Art Space ATTIÑ JALINDA атты көрме жобасын ұсынады, ол адам мен жылқының одағына арналған – тарихтағы ең ежелгі серіктес, қоныстанған әлемнің шекараларын кеңейткен. Жоба өзіне қазіргі заманғы әлемде адам мен табиғат күшінің өзара қарым-қатынасын суретшілердің қалай түсіндіретінін паш ету мақсатын қояды.
Никита Басовтың (Қазақстан) фотосуреттер сериясы көкпарға, түркі халықтарының ең көне ат спорты ойындарының біріне арналған. Бұл ойын мәдениетте терең тамырланған ATTIÑ JALINDA ұғымын ең жарқын бейнелейді: әлі сенімді жүре алмайтын сәбидің әлдеқашан ер-тоқымда отырғаны. Бұл одаққа өзгеше көзқарас Игорь Роговскийдің (Ресей) жұмыстарында көрініс табады. Қалыптасқан синергияның сиқырлы күшін көрсететін фотосуреттерден өзгеше, мүсіндер адам ақылы мен табиғат элементтері арасындағы байланыстың маңызды бастапқы нүктесіне меңзейтін сияқты.
Алматы қаласынан шыққан қазақстандық фотограф.
«ATTIÑ JALINDA» көрмесі адам мен табиғаттың үйлесімді өзара әрекеттесуі туралы толғайтын, қолданыстағы физикалық шекараларды асып түсетін екі көркемдік айтылымды біріктіреді. Авторлардың туындылары «атты жалында» болу дегеніміз, бұл жағдайда, осы одақтың нақ ортасында тұру екенін баса көрсетеді: табиғаттың қимылын сезіну және бір мезгілде оның бөлшегі болу.



