
by Мариам Мохаммади
Халық фольклорының бір бөлігі ретінде айтылатын ертегілер, қай жерде айтылса да, ұрпақтар мен елдер арқылы өтетін бірегей мәдени тұтастықты сақтап қалады. Сонымен қатар, авторлардың айтуынша, ертегілер «шекараларды, ұрпақтарды және әлеуметтік топтарды әрдайым еңсеріп келген көркем әдебиеттің жанды, әмбебап желісін құрайды». Жоба бастапқыда онлайн форматта ойластырылған болатын, алайда LM KULANSHI ART галереясындағы көрме аясында Орталық Азияда алғаш рет шағын көрме форматында ұсынылады. Көрмеге Қазақстан, Үндістан, Грузия, Испания және т.б. елдерден алынған 8 халық ертегісі қойылды.
Мариам Мохаммади (1979 жылы туған) — Австрияның Грац қаласынан шыққан фотосуретші, куратор және өнертанушы. Иранның Тегеран қаласында дүниеге келіп, сонда өсті. Халықаралық жобалар, фестивальдер мен резиденцияларға қатысушы, көрмелер кураторы әрі ғылыми жарияланымдар авторы. Грац қаласының өнерге қосқан үлесі мен айрықша еңбегі үшін берілетін сыйлықтарының иегері. Мариамның еңбектері дәстүр мен түрлену, бастан кешкен тәжірибенің интимдігі мен саяси дискурсқа арналған қоғамдық кеңістік арасында келіссөздер жүретін алаң ретінде көрініс табады.