
Еуразиялық халықаралық сыйлықтың лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатының иегері. Спорттық, портреттік, үйлену тойы және репортаждық фотография жанрларында 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасайды. Никитаның жұмыстары қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланады. Республикалық және халықаралық фотожобалардың қатысушысы.
Көрмеде ұсынылған жұмыстар көкпардың бірегейлігін және оның дәстүрлі әрі ежелгі жарыс түрлерінің бірі ретіндегі мәдени құндылығын көрсететін «Ұлы даланың ойыны» фотожобасына енеді. Автор өзінің алдына кең көрермен аудиториясын Орталық Азия халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстыру, ел мен өңірдің мәдени мұрасын сақтауға деген қызығушылықты күшейту мақсатын қояды.
Қазіргі уақытта жұмыстар жоқ.